Басты қонақтың айтары
Дін істері агенттігі төрағасының орынбасары Ғалым Шойкиннің «Дала мен қала» Республикалық газетінде жарияланған мақаласы

Тағы да оқу



Жедел байланыс
Егер Сіз немесе Сіздің танысыңыз діни ағымның арбауына кірген жағдайда Сізге мамандардың кеңестері мен құқықтық қорғау қажет болғанда бізге хабарласыңыз.
  zhamagat-kyzylorda.kz

Ақтөбеде десантшылар бөтелкені бастарымен жарды


Ақтөбеде десантшылар бөтелкені бастарымен жарды

Әуе десантшылары әскерлері күні атап өтілген жұма күні Ақтөбеде осы сала жауынгерлерінің бір тобы арақтың бөтелкелерін Есет батыр көшесінің бойындағы киоскілер мен өздерінің бастарына ұрып жарған. Бұл туралы «Актобе-таймс» газеті хабарлады.

«Біз тамыздың екісі күні достарымызбен бірге «Анвар» дүкенінің жанындағы кафеде отыр едік, - деді газет тілшісіне осы оқиғаны өз көргендердің бірі Александр. – Біз кафенің ғимарат ішіндегі бөлігінде болдық. Ал сырттағы жазғы бөлігінен алабажақ жейде мен берет киген жауынгерлер қайта-қайта іштегі дәретханаға келіп жатты. Біз сыртқа шығып, кеткелі жатқанымызда, даладағы ашық павильонда 20 шақты әуе-десант әскерлері солдаттарының отырғандарын көрдік. Оларды жастары үлкендеу орденді біреуі басқарып жүрді. Сол өтіп жатқан жұрттан өз жігіттерінің қылықтары үшін ұдайы кешірім сұраумен болды. Ал жауынгерлер айтарлықтай мас еді. Солардың бірі бос бөтелкені өзінің басына ұрып жарды. Екінші біреуі тағы бір бос бөтелкені «Анвар» магазинінің қасындағы киоскіге лақтырып, күл-паршасын шығарды. Сосын біз кетіп қалдық. Одан ары не болғанын білмейміз».

Шын мәнінде мерекелерін кафеде тойлап болғаннан кейін десантшылар Мәңгілік алауға қарай қозғалады. Көргендердің айтуларынша, біраз жігіт мәшинеге мініп алып, бүкіл көше бойына «ВДВ – бұл күш!» деген айқайға басады. Қалғандары көше бойлап жаяу тартқан. Бірақ ұзаққа бара алмаған. Жолай бәрін бүлдіріп бара жатқан десантшыларды полиция тоқтатады.

Сұлтан Бозайғыр.

Негізі: "Егемен Қазақстан" газеті, 11 там 2013

Бөлімдегі тақырыптар:

Франция хирургтары науқасқа жасанды жүрек қойып берді
Бас мүфти Қызылордадағы республикалық конференцияға қатысты
Қызылорда облыстық медицина орталығының басшысы тағайындалды
Қызылордада шырша шамы жағылды
19 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

Түсініктеме қосу
*Атыңыз:
Қала:
E-mail:
* Хабарламаңыз:

Символ қалғаны: 5000
Сандарды теріңіз: *


Автоматты түрде тіркеуден қорғау.
* - келтірілген орындар міндетті түрде толтыруы тиіс.
HTML- ді қолдануға болмайды.



Қазақстан – әлемдегі мұсылмандар,  православтер,  католиктер, протестандар, буддистер, иудеилер сияқты көптеген дін өкілдерінің бірлікте, бейбітшілікте, конфессияаралық келісімде өмір сүріп келе жатқан мемлекет.

Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының XVII сессиясында сөйлеген сөзі
18.04.2011 ж.

Тағы да оқу

Франция хирургтары науқасқа жасанды жүрек қойып берді
Бас мүфти Қызылордадағы республикалық конференцияға қатысты
Қызылорда облыстық медицина орталығының басшысы тағайындалды
Қызылордада шырша шамы жағылды
19 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

Қазақстандағы діни ағымдар
Для отображения блока требуется Flash Player

СМС жіберу

    
        © 2013 "Самұрық" инновациялық идеяларды дамыту орталығы ҚҚ
Барлық құқықтары қорғалған. Портал материалдарының қолданылуы тек қана портал иесі рұқсатымен жүргізіледі.